Жаңаталап орта мектебінің тарихы » Жаңаталап орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен"
комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)34-28-7-40
Есепші бөлімі:
+7(728)34-28-7-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңаталап орта мектебінің тарихы
11
апрель
2022

Жаңаталап орта мектебінің тарихы

Еліміздің көркейіп – гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрініс табады. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы, тек білімге ғана тән. Бүгінгі заман талабы – еліміздің өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу. Ол үшін ел ертеңі жас ұрпақты саналы да сапалы, иман жүзді ұрпақ етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты міндеті.
Мектеп тарихын парақтасақ, МДШОБ Жаңаталап орта мектебінің тарихы әріде жатыр. Сонау 1938-1966 жылдары мектептің орналасқан жері – Дөшке (точка) деп аталған , алғашқы ұстаз Нұрбек Терлікбаев болды. Алғашқы мектеп шәкірттері Қонысбаев Бөсеген Қазақтың Абай атындағы институтын бітіріп, өз мектебінде 40 жылдан аса тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан. Былшанов Қанатбай өз мектебінде ұстаз болып, кейін де ауыл совет төрағасы болып зейнетке шықты, Отызбаев Күмісбек көп жылдары темір тұлпарды бағындырып, ауыл шаруашылығында 40 жылдан аса еңбек етті, Қасымбеков Сәрсенбек Алматы энергетикалық институтында математика пәнінен көп жылдан бері дәріс берсе, Қылышбаев Жеңіс құрылыс саласында туған ауылында қызмет етті.
1938 жылы Жаңаталап ауылында мектеп салынды. Меңгеруші – Қанипа апай еді, меңгеруші болып Еркеева апай мен Қаңтарбаева Бижамал апайлар атқарды. Мұғалімдері: Қабытаева Әстай, Тұмарбала Қашағанова, Қадыр Талкин болды.
1943 жылы бастауыш мектеп орталау мектепке айналды. Мектеп директоры Шамған Пралин, Медеубай Досымбаев болды. Мұғалімдері: Галина Гайсинова, Әбілхан Бәкіров, Сембай Ізтілеуов, Жамал Ізтілеуова сынды мұғалімдер сабақ берді.
1962 жылы Жаңаталап он жылдық мектеп болып аталды. Мектеп директоры болып Тоғысбаев Шәметбай. Сол жылы онжылдық мектеп статусы беріліп, аудандағы аралас мектептер қатарына кірді.
1986 жылы 640 орынды жаңа мектеп салынды, содан бері мектеп ұстаздары бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, көптеген ұлдар мен қыздарды мектеп табалдырығынан ұшырып келеді.
Мектептің жұмыс дәрежесін ұядан ұшқан түлектерінен білуге болады. Біздің шәкірттерімізді кең байтақ Қазақстанның кез келген түкпірінен кездестіреміз. Кешегі шәкірт, бүгінгі ел ағасы атанып ауыл мақтанышына айналып отырған түлектеріміз қаншама...
Олар: 1.Үсенов Қажымұрат – мектебіміздің, ауылымыздың бүгінгі таңдағы бас демеушісі, мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап қана қоймай әлеуметтік төмен отбасыларына көмегін көрсетіп жүр.
2. Қылышбаев Наурыз – Қаратал, Ақсу аудандарында бірінші хатшы болып құрметті зейнетке шықты, 1980 жылдары ауылымыздың көшелерін асфальттап, жарық жүйесін жүргізді.
3. Шоқан Мұрат – Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры, математика ғылымы докторы, физика – математика кафедра меңгерушісі.
4. Мұсанов Мелісбек – Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінің бас маманы.
5. Бекбосынов Нұрәділ – Қаратал ауданының ветеренарлық станциясының бастығы.
6. Отызбаев Әбдікерім – Көксу ауданының электр торабы желілерінің бастығы.
7. Жұманов Бейсен – Қаратал аудандық әкімшілігінің бас маманы.
8.Жексенбинов Серікжан – АО Қараталдың президенті,мектебіміздің бас демеушісі.
Әр жылдардағы мектеп мақтаныштары да аз емес, мәселен Жексенбинов Серікжан және Бакаева Айғаным мектепті алтын белгіге бітірсе,
Грант иегерлері: Жанаева Диана, Жұманов Ильяс, Есімбекова Айнұр, Еркебаев Дамир, Қожахметов Әлібек сияқты түлектерімізбен мақтана аламыз.
Сондықтан да «Мұғалім – мектеп жүрегі» демекші, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздар еңбегі орасан зор.
Ел ертеңінің баянды болуы – бүгінгі жас ұрпақтың саналы да сапалы білімді болып қалыптасуында.
Ендеше, әр оқушы бауырына басып, мүмкіндігін шыңдауда аянбай тер төгетін ұстаздар еңбегінің жемісі мол болғай!

Похожие публикации:

02 май 2017 Адал ұрпақ