Қауіпсіз Интернет » Жаңаталап орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен"
комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)34-28-7-40
Есепші бөлімі:
+7(728)34-28-7-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз Интернет
22
апрель
2017

Қауіпсіз Интернет

МДШО бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен КММ
2016-2017 оқу жылы
11-12 сәуірдің аралығында «Қауіпсіз интернет» атты онкүндігінің ақпараты
Мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагоктар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіне денгейін артыруға бағытталған ақпараты жеткізу,Интернет ресустары қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапгершілігін жоғарлату.
11.04 күні мектепшілік оқушылар жиыны өткізілді. Оқушылар мен сынып жетекшілерге «Қауіпсіз интернет» атты апталықтың өтілу барысы жөнінде мектепшілік тізбекте хабарлап, апталықтың ашылуы өткізілді.

15.04 күні « Қауіпсіз интернет дегеніміз не?» тақырыбының аясында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтілді. Сонымен қатар « Интернет және біз» сурет байқауында 5 «а» сынып оқушысы Оңдасын Ә І-орын иеленсе, 6 «а» сыныбының оқушысы Бақытұлы С. ІІ-орын, 8 «а» сынып оқушысы Қалғажиева А. ІІІ-орын иеленді.Мектебімізде ата-аналарға «Қауіпсіз ғаламтор »онкүндігіне байланысты ашық есік күні өтті.



15.04 күні «Интернет: иә және жоқ!» атты 6 мен 7 сыныптар арасында информатика пәнінің мұғалімі Таукебаева Асемгуль Беделбековна иновациялық технологияларды пайдалана отырып дебат өткізді. Бұл іс шарада екі топтың бірі интернеттің пайдасын айтса екінші топ интернеттің зиянды жақтарын айтып бәсекелесті.

Информатика пәнінің мұғалімі Таукебаева А. және мектеп психологы Назарбаева Г.М. 21.04 күні 5-8 сынып оқушыларына «Біздің өміріміздегі интернеттің маңызы немесе зияны мен пайдасы» тақырыбында , әңгіме-кеңес өткізді.
Сонымен қатар мектеп психологы «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің интернетке тәуелділігі» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесіп кеңес берді.