МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын » МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Жаңаталап орта мектебі"
комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)34-28-7-40
Есепші бөлімі:
+7(728)34-28-7-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын
02
сентябрь
2025

МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын

2025 жылдың 2 қыркүйегінде МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға 1-11 сынып аралығындағы барлық оқушылар қатысты. Ата-аналар мен ауданымыздың басшылары да жиынға қатысты. Жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуымен құттықтау сөзді мектеп директоры Арпабаева Шолпан Сындетбайқызына берілді. Келесі сөз кезегін Балпық ауылдық округінің әкімі Бекбосынов Рүстем Нұрәділұлы алып, барлық оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. 5-сынып оқушылары Нұрасыл Аяулым мен Бақыт Айкүнім «Мектебім киелі мекенім» атты ән орындады. 1-сынып оқушылары тақпақтарын айтып, сынып жетекшісі Аринова Гүлжан Сейтқалиқызымен «Алғашқы қоңырауды» соқты. 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына жүрекжарды ақ тілектері мен сыйлықтарын ұсынды.