Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! » Жаңаталап орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен"
комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)34-28-7-40
Есепші бөлімі:
+7(728)34-28-7-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
11
октябрь
2023

Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Бүгінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мұғалімдердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға бағытталған педагогтардың әлеуметтік мәртебесі артты. Мемлекет педагогтердің шығармашылық дамуына, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасауда.
Мұғалімдердің жалақысын арттыру, есептілікті төмендету, аттестаттау нысанын өзгерту үшін қосымша шаралар қабылдануда.
Мұның бәрі еліміздің игілігі мен шығармашылық жұмыс үшін жасалып жатқан жағдайлар.
Мектептердің биология, химия және физика пәндеріне арналған кабинеттері заман талабына сай жылда жабдықталуда. Оқушылар теориядан алған білімдерін практика жүзінде көруде. Мұның барлығы мектептердегі білім сапасының көтеріліуіне ықпал етуде.
Ұстаздар қауымына шығармашылық табыс және озық шәкірттеріңіз көп болсын деп тілеймін!