01
декабрь
2025
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап орта мектебі, Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап орта мектебі, Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында «Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ-нің Қаратал ауданы филиалының жетекшісі Рысхан Исабеков, Жаңаталап мектеп директоры Шугыла Шарикбаева салауатты өмір салтының маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қаратал ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты М.Майданұлы сөз алып, нашақорлықтың зиянын атап өтті. Ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәні мұғалімі Калиев Омиржан, Балпық би округінің спорт нұсқаушысы Еркебаев Естай.
Жарысқа қатысушы командалар 4 кезең бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇Қыран командасы
🥈Орда командасы
🥉Адал командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐