04
октябрь
2022
«Мәңгілік ел-баталы менің қарттарым» тақырыбында 1-қазан қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Халықаралық Қарттар күні – біздің аталар мен әжелердің мерекесі. Бұл мерекелік күні біз өз махаббатымызды, үлкен аталарымызға білдіре

«Мәңгілік ел-баталы менің қарттарым» тақырыбында 1-қазан қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
Халықаралық Қарттар күні – біздің аталар мен әжелердің мерекесі. Бұл мерекелік күні біз өз махаббатымызды, құрметімізді үлкен аталарымызға білдіре аламыз.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Осыған орай мектебіміздің сынып жетекшілері өз сыныбының оқушыларымен ардагер ұстаздардың үйлеріне барып құттықтап, шағын концерттерін көрсетіп, ән-мен жырдан шашу шашып , қарттарды қуанышқа бөлеп қайтты, мектебіміздің ардагер ұстаздарына гүлшоқтарын сыйлады.