07
октябрь
2022
Қаратал ауданы Жаңаталап орта мектебінің акт залында 2022 жылдың 07 қазан күні, сағат 15.00 де құзырлы органдар мамандардың (жергілікті полиция қызметі, жергілікті әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі, медицина қызметкері,ҮЕҰ) қатысуымен «Балал

Қаратал ауданы Жаңаталап орта мектебінің акт залында 2022 жылдың 07 қазан күні, сағат 15.00 де құзырлы органдар мамандардың (жергілікті полиция қызметі, жергілікті әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі, медицина қызметкері,ҮЕҰ) қатысуымен «Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу, ата-ананың бала өміріне жауапершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Жиналыс барысында Мектеп директоры Ш.С.Арпабаева «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысын ашып, күн тәртібімен таныстырды. Ата-аналарға «Бала өмірінің қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, жадынама таратылды. Мектеп психологы «Кибербуллинг: қатігездік қайдан, қауіп неден?» слайд таныстырылым арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді. Балпық ауылдық округының амбулаториясының бас дәрігері Есбосынова Ж.Б. «Тазалық- денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқып, бала қауіпсіздігін алдын-алу шаралары туралы ақыл кеңес берілді. Жиналыс соңында шағын концерт ұйымдастырылды.