23
декабрь
2022
2022-2023 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, жетекші және серіктес мектебі жобасы аясында мектебіміздің ұйымдастыруымен 21 желтоқсан күні семинар-тренинг өткізілді. Семинарға жетекші мектеп С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ мен серіктес мектеп Ғабдулли
2022-2023 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, жетекші және серіктес мектебі жобасы аясында мектебіміздің ұйымдастыруымен 21 желтоқсан күні семинар-тренинг өткізілді. Семинарға жетекші мектеп С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ мен серіктес мектеп Ғабдуллин орта мектебінің мұғалімдері қатысты. "Lesson Study" әдісін сабақта қолданудың тиімділігі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағымбекова Л.С коучингімен басталды. Серіктес мектеп Жаңаталап орта мектебінің математика пәні мұғалімі Көкенай Г. Сабақты зерттеу (Lesson Study) бойынша зерттеу нысанындағы сыныппен сабақ өткізді. Семинар соңында мектеп директорлары жетекші мектеп пен серіктес мектептердің жұмысын жандандыру керектігін, бастамалардың жоғары деңгейде аяқталатынына сенімдерін білдіріп, табысты жұмыс тіледі. Сабақ берген мұғалімдердің сабақтарын жоғары бағалады. Қатысушы мұғалімдер де өткізілген сабақ туралы кері байланыс жүргізіп, тиімді болған әдіс-тәсілдерді қоржынға салды.